Сурет: «Самұрық-Қазына» АҚ
Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы қабылдады.
Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолында мемлекеттік басқару, көлік және инфрақұрылым салаларында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
Ол Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде жұмыс істеген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде және «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да басшылық қызметтер атқарған.
Ол Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы болған. 2021–2025 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.
Еске салайық, Ерсайын Нағаспаев 2025 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарған. 24 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл лауазымнан босатылған болатын.
Мазмұнға өту
