Басты тақырып

Ерсайын Нағаспаев министрлік қызметінен босатылды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ресми хабарламада көрсетілген.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды»

Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын.

Сонымен қатар Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан кетті. Оның орнына Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды.

Көп оқылғандар