Сурет: ЖИ көмегімен жасалды
Қазақстан мобильді интернет тарифтерінің қолжетімділігі бойынша әлемнің 55 елі арасында 7-орынға тұрақтады. Елімізде мобильді байланыстың орташа айлық құны шамамен 10 доллар, ал әлемдік орташа көрсеткіш 27 доллар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қарашадағы рейтингте Қазақстан мобильді интернет тарифінің қолжетімділігі жағынан 55 елдің ішінде 7-ші орында тұр. Елімізде мобильді байланыс тарифінің орташа құны айына шамамен 10 доллар, әлемдік орташа көрсеткіш 27 долларға тең.
Сонымен қатар интернет-трафик көлемі өсіп келеді. Байланыс жылдамдығын арттырып, 5G желісін кеңейту үшін операторлар желіге инвестиция салуы қажет.
«Балансты сақтау маңызды. Тарифтер халыққа қолжетімді, ал байланыс саласы инвесторлар үшін тартымды болып қалуы тиіс», деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, Қазақстан 2027 жылы 3G желісінен толық бас тартады.
Мазмұнға өту
