Бала еліміздің ертеңі, жарқын болашағы, адами ресурстарымыздың алтын қоры. Ата-бабамыздан келе жатырған ұлттық рухани тәрбиеміздің де негізі – осы жас ұрпақ тәрбиесі екені айдан анық.
Үкіметіміздің де басты саясатының діңгегі осынау Қазақстанның тәрбиелі, заманауи білімді, жаһандық текетіресте ойып тұрып өз орнын ала білетін рухы жоғары ұрпақ мәселесі.
Әрине, әр түрлі қалыптасқан әлеуметтік ортада барлық баланың бір-бірінен кемшін болмай білім әлеміндегі бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі де жоқ емес. Ол тек өкіметіміздің ғана міндеті емес, әрбір ата-ананың, әрбір еліне жанашыр азаматтардың да келешек ұрпақ алдындағы қасиетті парызы деп есептейміз.
Мен, осы орайда, Казталов ауданы Әжібай ауылының түлектері, бүгінде облыс орталығында еселі еңбек етіп, ел мақтаныштарына айналып отырған ағайынды Сралиевтер әулеті туралы өз пікірімді жария еткім келеді.
Олардың өздерінің түлеп ұшқан білім ұясы Әжібай ауылындағы Бірік жалпы орта білім беретін мектебіне, жалпы елдің балаларына, халқына деген ерекше ықыласы мен қамқорлығы, ізгі қайырымдылығы туралы айтып өтуді жөн санадым.

Әр оқу жылының басында еліміз бойынша ұйымдастырылатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайына қолдау жасауды қажет ететін балаларға арналған ауқымды қайырымдылық шараларының бірі болып табылады.
Осы орайда, әр жыл сайын, көптеген жылдар бойы ағайынды Сралиевтер басқаратын «Жаңа Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мектептің әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларын жаңа оқу жылына әзірлеуде оларға мектеп формасы, жазу-сызу құралдарын алып беру үшін 200 мың теңге бөліп отыруды дәстүрге айналдырған. Жақсылық етсең балаға жаса, түбі алдыңнан жарылқайды демекші ол балалардың, олардың ата-аналарының «Жаңа Орда» ЖШС басшысы Абзал Насиоллаұлына алғысы шексіз деп есептейміз.
2025 жылы мектептің волейбол командасы облыс чемпионы атанып, республикалық жарысқа жолдама алған кезде де Сралиев Ақылбек Насиоллаұлы балаларға сапалы волейбол құрал-жабдықтарын, командаға арналған спорт костюмдерін сатып алуға өз қаражатымен демеушілік жасағанын ел халқы, спортшы балаларымыз ризашылықпен еске алады.
Мектебіміз 2004 жылы салынып, содан бері 22 жыл өткесін мектептің шатыр жабыны тозып, соңғы 3-4 жылда екінші қабаттан жаңбыр, қар суы кете бастаған. 2023 жылы соған ағымдағы жөндеуге локалды смета жасатуға да Абзал Насиоллаұлы өз қаражатымен демеушілік жасады.
Оның сыртында ауыл халқы үшін жеке өз қаражаттарына жаңа амбулатория, балаларға арналған ойын алаңдарын, спорт алаңдарын (волейбол, баскетбол) салып, қазір ел олардың игілігін көріп отыр.
Өздері қалада тұрса да, қызметтері қалада болса да, ауылда болатын әр түрлі шараларға, игі істерге үнемі ат салысып жүретін ағайынды Сралиевтер әулетінін бірлігі мен қайырымдылығы кім кімге де өнеге болары анық.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей осындай игі істерімен қолқанат қайырымдылыққа ұйтқы болып жүрген ағайынды Сралиевтердің ішінен Абзал Насиоллаұлы Орал қаласындағы №12 сайлау округінен «Әділет» партиясының қолдауымен Батыс Қазақстан облысы депутаттығына кандидат болып тіркелді.
Осы округтегі азаматтар мен азаматшалар!!! 2026 жылы 29 қарашада болатын сайлауда Абзал Насиоллаұлына дауыс берсеңіздер шынайы таңдауға жол ашарыңызға кәміл сенеміз. Біз, ауылдастар атынан да Абзал Насиоллаұлына сәттілік тілейміз.
Уалихан ЖАГПАРОВ,
Әжібай ауылы,
Казталов ауданы
(Материалдың жариялану ақысы кандидаттарға бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді)
Мазмұнға өту
