Басты тақырып

Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Сурет: Үкімет

Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылған болатын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Президент Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Ал Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан кетті. Оның орнына Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды.

Көп оқылғандар