Сурет: Qazsporttv
Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары бір алтын және екі күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
66 келі салмақ дәрежесінде Нұрқанат Серікбаев байрақты бәсекеде жеңімпаз атанды. Ғалия Тынбаева (48 кг) мен Аман Бақытжан (60 кг) күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өткен жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ Бакуде өткен әлем чемпионатында Шерзод Давлатов (-60 кг) финалға шығып, күміс жүлде еншілеген.
Айта кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылдың 7-14 маусым аралығында Астана қаласында өтеді. Бұл дода 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі маңызды жарыс саналады. Әлемнің үздік дзюдошылары Олимпиада жолдамасына қол жеткізу үшін қажетті рейтингтік ұпайлар үшін сынға түседі.
Мазмұнға өту
