Басты тақырып

Цифрлық трансформация: негізгі көрсеткіштер жарияланды

Сурет: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен 7 жылда Қазақстан цифрлық трансформациядан өтіп, технологиялық дамудың жаңа сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2019–2026 жылдар аралығындағы негізгі көрсеткіштер:

Электрондық үкімет рейтингінде Қазақстан БҰҰ-ның 193 ел арасындағы тізімінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, 15 сатыға ілгеріледі.

Ғарыштық технологиялар экспорты нөлден 70 млн долларға жетті.

IT-экспорт 38 есе өсіп, 30 млн доллардан 1,142 млрд долларға жетті. Astana Hub көрсеткіші 633 млн долларды құрады.

Халықты интернетпен қамту 84%-дан 98%-ға артып, орташа жылдамдық 21-ден 88-94 Мбит/с-қа жетті. Бесінші буын байланысы, 5G енгізілуде.

Цифрлық мемлекеттік қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға өсті. Олардың 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 14 есе өсіп, 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге жетті.

Айта кетейік, Президент тапсырмасы бойынша экономика мен инфрақұрылымды жаңғырту қарқынды жүргізілуде.

Көп оқылғандар