Ақорда

Бектенов маусымаралық көкөніс тапшылығына жол бермеуді тапсырды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерінің тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан өңірлерінде қысқы және көктемгі кезеңдерге көкөніс қоры дайындалады. Үкімет дайындық жұмыстарын күшейтеді.

«Қысқы және көктемгі кезеңдерге көкөніс, әсіресе картоп қорын дайындап алу басым бағыт болып қала береді. Егін орағы кезінде қажетті көлемдерді алдын ала келісімшарт арқылы уақтылы сатып алып, сақтауға қою керек. Өңір әкімдіктері бұл мәселені бақылауда ұстап, маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерінің тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге тиіс. Бұл ретте өнімнің артылған көлемін экспортқа бағыттау қажет. Сауда және Көлік министрліктері шаруаларға өнімді өткізу нарықтарын іздестіруге және сатуға жәрдемдесуге тиіс», деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстаннан қай елдерге көп астық жөнелтілгенін жазған едік.

Көп оқылғандар