Сурет: yandex.kz
Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген «Байсат» базары бірнеше мәрте аукционға қойылғанымен, сатып алушы табылмаған. Осыған байланысты қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өту мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбековтің айтуынша, егер нысандағы мемлекеттік үлесті сату мүмкін болмаса, оны жергілікті атқарушы органның теңгеріміне өткізу мәселесі пысықталады. Нысан бұған дейін 5 рет аукционға қойылып, 26-28 млрд теңгеге бағаланған.
«Байсат» базары мемлекет меншігі – KUVA иелігіне шамамен 2 жыл бұрын өткен. Қайрат Сатыбалды оны 2024 жылғы қаңтарда қылмыстық тергеу барысында мемлекетке «ерікті түрде» қайтарған.

