Сурет: ТСМ
Ел чемпионатының екінші жарыс күнінде ерлер арасында 60 және 65 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
65 келідегі басты бәсекеде 17 жастағы Мұхаммедали Қойшыбек (Қызылорда облысы) жұлқа көтеруде көшбасшыдан 11 келі қалып қалғанымен, серпе көтеруде қарсыластарынан басып озып, алғаш рет ел чемпионы атанды.
65 келі салмақта жұлқа көтеру бойынша: 1-орын – Өтепберген Әлиев (БҚО) 123 келі, 2-орын – Алексей Дроздов (Алматы облысы) 115 келі, 3-орын – Станислав Журавлев (Қарағанды облысы) 110 келі. Серпе көтеруде: 1-орын – Өтепберген Әлиев (БҚО) 141 келі, 2-орын – Алексей Дроздов (Алматы облысы) 138 келі, 3-орын – Азамат Төлеген (Қызылорда облысы) 136 келі. Қоссайыс қорытындысы бойынша: 1-орын – Өтепберген Әлиев (БҚО) 264 келі (123+141), 2-орын – Алексей Дроздов (Алматы облысы) 253 келі (115+138), 3-орын – Азамат Төлеген (Қызылорда облысы) 246 келі (110+135).
60 келі салмақта жұлқа көтеруде: 1-орын – Никита Журавлев (Қостанай облысы) 119 келі, 2-орын – Тимур Хасаров (Жетісу облысы) 113 келі, 3-орын – Аблай Анамбай (Жетісу облысы) 111 келі. Серпе көтеруде: 1-орын – Мұхаммедали Қойшыбек (Қызылорда облысы) 150 келі, 2-орын – Жанасыл Арапбай (Түркістан облысы) 142 келі, 3-орын – Аблай Анамбай (Жетісу облысы) 141 келі. Қоссайыс қорытындысы бойынша: 1-орын – Мұхаммедали Қойшыбек (Қызылорда облысы) 258 келі (108+150), 2-орын – Никита Журавлев (Қостанай облысы) 254 келі (119+135), 3-орын – Аблай Анамбай (Жетісу облысы) 252 келі (111+141).
Ертең әйелдер арасында 57, 61, 69 және 77 келі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады.
Айта кетейік, кеше ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды: 49 келіде Айнұр Абдықалықова, 53 келіде Айгерім Әуелбек ел чемпионы атанды.
Мазмұнға өту
