Спорт

Ауыр атлетикадан ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

Сурет: ТСМ

Астанада ауыр атлетикадан әйелдер арасында екі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

49 келіде Айнұр Абдықалықова айқын басымдықпен жеңіске жетіп, тағы да ел чемпионы атанды. Ал 53 келіде Айгерім Әуелбек серпе көтеру жаттығуында алғашқы әрекетінен-ақ алтын медальға қол жеткізді.

49 келі салмақтағы қорытынды: 1-орын – Айнұр Абдықалықова (Жамбыл облысы) 64 келі, 2-орын – Фатима Туребаева (Қызылорда облысы) 56 келі, 3-орын – Ирина Чумак (Қостанай облысы) 55 келі.

53 келіде: 1-орын – Айгерім Әуелбек (Жетісу облысы) 163 келі (73+90), 2-орын – Виктория Мурашкина (Қостанай облысы) 149 келі (69+80), 3-орын – Олеся Теренюк (Қарағанды облысы) 140 келі (61+79).

Айта кетейік, мамыр айында осы салмақтарда өткен ел чемпионатында 49 келіде Валерия Васечко (Ақмола облысы) 123 келі (55+68) нәтижемен жеңімпаз атанса, 53 келіде Айнұр Абдықалықова (Жамбыл облысы) 164 келі (72+92) көрсеткішімен топ жарған еді.

Естеріңізге салайық, Қытайдың Нинбо қаласында ересектер арасында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әлем чемпионатында Алексей Чуркин жүлдеге бір қадам жетпей қалды, Любовь Ковальчук алтыншы, Артем Антропов сегізінші, Едіге Емберді он алтыншы орындарды иеленді.

Көп оқылғандар