Сурет: ТСМ
Ел чемпионатының төртінші жарыс күнінде ерлер арасында 70 және 75 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Күндізгі бағдарламада жасөспірімдер арасында әлем чемпионы және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ақмолда Сайрамкез (Жетісу облысы) екінші орындағы қарсыласынан 16 келіге басым түсті.
Кешкі сессияда Азия чемпионатының жүлдегері, жақында әлем чемпионатына қатысқан Петр Хребтов жұлқа көтерудегі басымдығының арқасында қоссайыс қорытындысы бойынша алтын жүлдеге қол жеткізді.
«Барлығы мен жоспарлағандай болды. Тек серпе көтеру жаттығуында 184 келіні бағындырар сәтте асығыстық танытып кеттім. Жұлқа көтеру мен серпе көтеруде де қарсыластарым соңына дейін таласты. Лайықты бәсекелестік танытқаны үшін оларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі жеңісіме қуаныштымын», деді Петр Хребтов.
70 келіде: 1-орын Ақмолда Сайрамкез (Жетісу обл.) – 302 келі (132+170), 2-орын Дәулет Алпысбай (Түркістан обл.) – 286 келі (130+156), 3-орын Сергей Чуев (Жетісу обл.) – 276 келі (126+150).
75 келіде: 1-орын Петр Хребтов (Алматы қ.) – 323 келі (143+180), 2-орын Бексұлтан Айтбай (Қызылорда обл.) – 318 келі (135+183), 3-орын Ерсұлтан Тұрсынбеков (ШҚО) – 299 келі (141+158).
Ертең ерлер арасында бәсекелестігі ең жоғары саналатын 85 келі және әйелдер арасында 86, +86 келі салмақ дәрежелерінде зілтеміршілер өнер көрсетеді.
Жарыстың алғашқы күнінде 49 келіде Айнұр Абдықалықова мен 53 келіде Айгерім Әуелбек жеңімпаз атанған болатын. Ерлер арасында 60 және 65 келіде жеңімпаздар анықталды. Кешегі жарыс күнінде жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аянат Жұмағали, 69 келіде Астана қаласының өкілі, 14 жастағы Маргарита Ермакова топ жарды.
Мазмұнға өту
