Сурет: Видеодан алынған кадр
Астананың Есіл ауданындағы автотұрақта жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Сарайшық көшесіндегі автотұрақта болған.
«Құтқарушылар көліктің жануын жедел сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.
ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.
Еске салайық, кеше Астана қаласындағы А.Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта 5 автокөлік өртенген болатын.
