Спорт

Астанада хоккей матчында жанкүйер жарақат алды

Сурет: Depositphotos.com

Астанада «Барыс» пен «Металлург» командаларының кездесуі барысында басына шайба тиген жанкүйерді аренадан жедел жәрдем көлігі алып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астаналық хоккей клубының мәліметінше, медициналық тексеру ауыр жарақаттың жоқтығын көрсетті. Жанкүйердің жұбайының айтуынша, ер адам аренаның кезекші дәрігерлерін өзі тауып, алғашқы көмек алған. Клуб өкілдері оның жанында қауіпсіздік қызметі мен маркетинг департаментінің қызметкерлері болғанын нақтылады.

Жұбайының сөзіне қарағанда, клиникада ер адамға компьютерлік томография жасалып, жарақатына тігіс салынған. Қазір ол жарасын таңдыру үшін дәрігерлерге барып жүр.

Матч 15 қараша күні «Барыс Аренада» өтті. ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы кездесуде «Барыс» «Металлургті» 5:4 есебімен жеңді.

Көп оқылғандар