Басты тақырып

Алматы тауларында жарақат алған турист құтқарылды

Сурет: ашық дереккөз

Алматы тауларында адасып, аяғын жарақаттап алған 50-ден асқан турист құтқарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының Медеу ауданында, 3053 метр биіктіктегі «Энтузиасттар» алаңқайында құтқарушылар ҚР ТЖМ «Барыс» РҚҚ бірлесіп, таудан түсу кезінде аяғын қайырып алған 1972 жылы туған әйелге көмек көрсетті.

Құтқарушылар әйелді қауіпсіз жерге түсіріп, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

«Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын және күннің бату уақытын ескеріңіз. Туристік соқпақтардан шықпаңыз және өз күшіңізді дұрыс бағалаңыз», делінген ақпаратта.

Айта кетейік, мұндай жағдай бұған дейін де тіркелді. Алматы облысының Қарасай ауданында тауға шыққан турист әйел 2600 метр биіктікте аяғын қайырып алып, өздігінен төмен түсе алмай қалған. Құтқарушылар түнде оған көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге түсірді.

Көп оқылғандар