Спорт

Алексей Луценко «XDS Astana Team» бас бапкері болды

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық велошабандоз, елдің бірнеше дүркін чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы Алексей Луценко «XDS Astana Team» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ол бұл лауазымға 2027 жылы кіріседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Команданың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа қызметінде Луценко спортшылардың дайындығына жауапты мамандар тобының құрамына енеді.

Алексей Луценко өзінің ең маңызды жетістіктерінің барлығына дерлік осы командада қол жеткізгенін атап өтті.

«Сондықтан жобаға жаңа рөлде қайта оралу және спорттық мансабымды аяқтағаннан кейін де осы саланы жалғастыру мүмкіндігі мен үшін үлкен қуаныш. Командаға пайдам тиіп, 2027 жылы ортақ мақсаттарымызға жетуге көмектесе аламын деп үміттенемін», деді Алексей Луценко.

Луценко 2026 жылы кәсіби велошабандоз ретінде мансабын аяқтады.

Еске салайық, Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өткен XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды. Бұл – Алексей Луценконың мансабындағы төртінші Азия ойындары және құрлықтың басты додасында жеңіп алған бесінші алтын медалі.

Айта кетейік, Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Алексей Луценко топ жарды. Осы жеңісінен кейін Алексей Луценконың жазғы Азия ойындарындағы алтын медаль саны 6-ға жетті. Осылайша ол Азиада тарихында ең көп алтын жүлде жеңіп алған отандық спортшы атанды.

Көп оқылғандар