Басты тақырып

Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейінгі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Айдос Мырзахметов бұған дейін Президент Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметін атқарған. Оған генерал-майор әскери атағы берілген. Генералдық шен белгілерін Мемлекет басшысы жеке табыс еткен.

Ол 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясын бітірген. Взвод командирінен бастап Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейінгі қызмет жолында жоғары кәсібилігімен, мінезінің беріктігімен және жауапкершілігімен ерекшеленді.

2024 жылғы қаңтарда Президент Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Бұған дейін Президент Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын. Ол 3 қыркүйекте осы лауазымға тағайындалған еді.

24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюінен әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен. Осыған байланысты Қорғаныс ведомствосының басшысы Дәурен Қосанов марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кінәлі азаматтардың жауапкершіліктен жалтармайтынын ескерткен болатын.

Көп оқылғандар