Басты тақырып

25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында қайғылы оқиға орын алды. Ауа райының күрт нашарлауы мен желдің күшеюінен алдын ала мәлімет бойынша 19 әскери қызметшіні теңіз алып кетті. Қаза тапқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар Премьер-министрдің өкімімен Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезіндегі қаза табу себептерін тергеп-тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Көп оқылғандар