Сурет: ktf.kz
Жібек Құламбаева Чилиде өткен WTA 125 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол словениялық Вероника Эрьявецпен бірге финалда Украина мен Ресей теннисшілерін 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Бұл – Құламбаеваның осындай деңгейдегі турнирлерде қатарынан жеңіп алған екінші титулы. Бір апта бұрын ол Эрьявецпен бірге Колумбиядағы жарыста да топ жарған.
Сәуір айында Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 турнирінде жұптық сында жеңімпаз атанған болатын.
Мазмұнға өту
