Басты тақырып

Қазталов ауданында жаңа үй кілттері табысталды

Сурет: Жайық Пресс

Қазталов ауданының Сатыбалды ауылында жаңа екі пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов биылғы жылы Қазталов ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жаңа баспана салу және пайдалануға беру жалғасып жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ ауыл әкімі Руслан Самиголлаулының игі бастамасын атап өтті.

– Оның жеке бастамасымен Сатыбалды ауылында бала дүниеге келген әрбір отбасыға 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленеді. Бүгінгі таңда мұндай қолдауды алты отбасы алды. Сонымен қатар, жаңа баспана иегері болған екі отбасыға Руслан Самиголлаулы жаңа қонысқа сый ретінде 50 мың теңгеден табыстады, – деді аудан басшысы.

Жаңа қоныс иелері қатарында Сатыбалды ауылының тұрғындары Самал Бекқалиева мен Дариға Шигапованың көпбалалы отбасы, Беспішен ауылынан көпбалалы ана Альбина Пангереева, Ажыбай ауылынан Асемгүл Набенованың көпбалалы отбасы, сондай-ақ Қазталов ауылынан жалғызбасты ана Жадыра Абугалиева бар.

Қыдыр Харесулы, Қазталов ауданы

Көп оқылғандар