Қаржы

Жанармайды заңсыз әкетуге жол берілмейді: 595 дерек анықталды

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда жыл басынан бері көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі тіркелді. Олардың жалпы көлемі 159,5 тоннаға жеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл облысында анықталған – 386 дерек. Түркістан облысында 119, Қостанай облысында 80 жағдай тіркелді.

«Аталған заңсыздықтардың жолын кесу үшін мемлекеттік шекарадағы 48 автокөлік өткізу пунктінің маңында полиция бекеттері тәулік бойы жұмыс істейді. Заңсыз қосымша бак орнатқан жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Көліктерден заңсыз орнатылған бактар алынып тасталды», делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін 195 шетелдік елден заңсыз жанармай әкетпек болғаны туралы хабарланған болатын.

Көп оқылғандар