Сурет: ашық дереккөзден
2026 жылғы II тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы орта есеппен 410 088 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 14,0%-ға артық, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жан басына шаққандағы ақшалай шығыстар орта есеппен 358 584 теңге болды. Ал тұтынуға пайдаланылған табыстар 2026 жылғы II тоқсанда орташа жан басына шаққанда 362 900 теңгені құрады.
Тұтынуға жұмсалған табыстар көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – 483 887 теңге. Екінші орында Қарағанды (480 696 теңге), үшінші орында Астана (451 999 теңге). Тізімнің соңында Шымкент қаласы орналасқан, мұнда тұтыну табысы 274 354 теңгені көрсетті.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ел экономикасында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылған. Мемлекет еңбек нарығында жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, мамандар даярлау, еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және азаматтардың кәсіби дағдыларын арттыру бағыттарына басымдық беріп отыр.
