Categories Қаржы

Жалған схемамен алынған декреттік төлемдер мемлекетке қайтарылады

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда заңсыз схемалар арқылы декреттік төлем алған әйелдер қаражатты қайтаруға міндеттеледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, мамыр айының соңында декреттік төлем алу үшін жалған жұмысқа орналасу бойынша еліміздің 13 өңірінде 38 қылмыстық іс қозғалған. Мыңнан астам әйел іс фигуранты ретінде танылып, тоғыз іс бойынша сот үкім шығарған.

Ресми мәлімет бойынша, бүгінгі таңда мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 3 млрд теңгені құрайды.

Әйелдердің сенімін пайдаланып, заңсыз схемаларға тартқан тұлғаларға баса назар аударылып отыр. Қазіргі таңда дәл осы адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деді Виктория Шегай.

Сонымен қатар ол заңсыз төлем алған әйелдердің мемлекетке қаражатты өтеуге міндетті екенін атап өтті. Вице-министрдің сөзінше, заңнамада рақымшылық жасау арқылы бұл міндеттемеден босату мүмкіндігі қарастырылмаған.

Ұқсас жазбалар

Stadler вагондары Қазақстанға 2026 жылдың маусымында жеткізілуі мүмкін

Stadler вагондары Қазақстанға 2026 жылдың маусымында жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Айдар…

2025 жылы Үкімет әлеуметтік міндеттемелерді толық орындады

Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілісте 2025 жылы бюджет шығыстары 25,5 трлн теңге болып, әлеуметтік міндеттемелер…

Қаржы министрі Мәди Такиев ЖИ саласында мыңдаған маман даярланатынын айтты

Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілісте ЖИ саласында мыңдаған маман даярланатынын, Alem.AI орталығы ашылғанын хабарлады.