Сурет: Aikyn.kz
Ұлттық Банк ескі үлгідегі 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттардың айналымнан алынуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 24 маусымда ескі 2 000 теңгелік банкноттардың айналымда жүру мерзімі аяқталды, ал 5 000 теңгелік банкноттар 2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап айналымнан алынды. Бұл ақшалардың құны жойылғанын білдірмейді.
Азаматтар ескі банкноттарды екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде үш жыл ішінде айырбастай алады. Ұлттық Банктің филиалдарында айырбастауға мерзімдік шектеу жоқ.
Сонымен қатар ескі 10 000 теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі 2027 жылғы 27 маусымға дейін ұзартылды, сондықтан оларды дүкендерде төлем жасауға болады. Ескі 1 000 теңгелік банкноттар 2027 жылғы 27 наурызға дейін, ал 500 теңгелік банкноттар 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейін жаңа үлгідегі ақшамен қатар айналымда жүреді.
Ұлттық Банк ескі банкноттарды айырбастауға асығудың қажеті жоқ екенін ескертеді: айналымнан алынған ақша белгілері белгіленген тәртіппен номиналдық құны бойынша айырбасталады.
Мазмұнға өту
