Қаржы

Ұлттық банк 4 қазандағы валюта бағамын жариялады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлттық банк 4 қазан күнгі шетелдік валюта бағамдарын жария етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, елордадағы ақша айырбастау пункттерінде долларды 445 теңгеден алып, 452 теңгеден өткізуге болады. Еуроны сатып алу бағамы 502 теңге, ал сату бағамы 512 теңге шамасында тұр. Рубль болса 5,14-5,34 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Алматы қаласында доллар 445 теңгеден сатып алынып, 452 теңгеден сатылуда. Еуро 499-509 теңге, рубль 4,03-5,03 теңге шегінде бағаланып отыр.

Көп оқылғандар