Сурет: Egemen Qazaqstan
Халықтың осал топтарымен жұмыс істейтін аутрич-мамандар АИТВ инфекциясын ерте анықтауға үлес қосады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтік емес ұйымдар вирус жұқтыру қаупі жоғары адамдармен байланыс орнатып, оларды тестілеуге ынталандырады және медициналық көмек алуға қолдау көрсетеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы Алматыдағы «Community Friends» қоғамдық қорының мысалын келтіреді. Қорда 16 аутрич-маман жұмыс істейді, биыл олар 21 адамның АИТВ-позитивті екенін анықтауға көмектесті.
Мамандар түнгі клубтар, сауналар сияқты орындарда экспресс-тестілеу жүргізіп, PrEP препараттарын ұсынады. Жыл басынан бері 150 жаңа клиент қабылданды. «Тең-теңімен» тәсілі арқылы сенімді қарым-қатынас орнатылады.
«Біздің ұйымда клиенттерді АИТВ-ға жасалған экспресс-тест нәтижесі оң болған сәттен бастап Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепке қойылғанға дейін сүйемелдеу жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді», — дейді «Community Friends» қоғамдық қорының директоры Артем Лебедев.
Жаһандық қордың АИТВ мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Татьяна Давлетгалиева аутрич-қызметкерлердің жұмысы ұлттық шаралардың маңызды бөлігі екенін атап өтті.
Мазмұнға өту
