Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының бессайысшылары Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова финалға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Отандастарымыз жарыстың алғашқы жартылай финалдық тобында сынға түсті. Бұл кезеңде 17 спортшы бақ сынады. Төрт бағыт қорытындысы бойынша Аяна Қазбекова 1361 ұпаймен екінші орынды иеленді. Юлиана Петрова 1343 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады.
Жарыс ережесіне сәйкес, әр жартылай финалдық топтан үздік тоғыз спортшы шешуші кезеңге өтеді. Осылайша, Қазақстанның екі өкілі де әйелдер арасындағы бессайыс финалына жолдама алды.
Айта кетейік, 19 қыркүйекте Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының жалауы көтеріледі. Ал әйелдер арасындағы финалдық жарыс 20 қыркүйекте өтеді.
