Спорт

900-ге жуық спортшы: Астана әлем чемпионатына дайын

Сурет: Egemen Qazaqstan

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты 2026 жылы 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы Barys Arena мұз сарайында өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бәсекеде еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен 30 салмақ дәрежесінде жүлделер ойнатылады. Әлем чемпионатына 100-ден астам елден 900-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Жарыстың ресми маскоты — қыран бейнесіндегі Muzbalaq таныстырылды.

Чемпионаттың ерекшелігі — 18-23 қазан аралығында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Оған әлемнің 350-ге жуық үздік балуаны қатысып, жарыс алдындағы дайындықтарын жетілдіреді.

Сондай-ақ, әлем чемпионатының билеттері бүгіннен бастап «Яндекс» қосымшасы арқылы сатылымға шығады.

Ауқымды доданы отандық Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Көп оқылғандар