Сурет: Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында білім беру нысандарын салу және жаңғырту жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 1 қыркүйекте 47 жаңа мектеп ашылады, оның ішінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 20 мектеп бар.
«Өңір әкімдіктері оқу жылының басталуына қарай олардың толық функционалдық дайындығын қамтамасыз етсін. Үш ауысымды оқыту және оқушы орындарының тапшылығы мәселелерін шешуде оң үрдіс бар. Өңірлер 2026 жылдың соңына дейін тағы 64 мектептің құрылысын аяқтауы қажет», деді Премьер-министр.
Олжас Бектенов педагог мамандармен және оқу-техникалық базамен қамтамасыз ету мәселелерін қазірден шешу керектігін атап өтті.
Үкімет басшысы 1 қыркүйекке дейін еліміздегі 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтаудың маңыздылығын еске салды.
«Бірқатар өңірлерде 13 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу екенін атап өтемін. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстар бар. Аталған өңір әкімдеріне жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын тікелей бақылауға алуды тапсырамын», деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ, Премьер-министр әкімдіктерге қаржыландыру мәселелерін шешуді және мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыруды жеделдетуді тапсырды. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.
Мазмұнға өту
