Сурет: istockphoto.com
Францияның Фонтенбло қаласының маңында «швед үстелі» форматында жұмыс істейтін мейрамхана ашылды. Онда тәрелкеге салынған тағамды толық жемеген қонақ 10 еуро (шамамен 5,3 мың теңге) төлеуге міндетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мейрамхана иелері бұл шараны тағам қалдығының көптігімен түсіндіреді. Қонақтар белгіленген соманы төлеп, қалағанынша тамақ ала алады. Алайда кейбіреулері тәрелкесіне шамадан тыс көп тағам салып, соңында бәрін жеп үлгермейді.
Айыппұл туралы ескерту мейрамхананың ақпарат көздері мен кіреберіс есігінде көрсетілген. Заңгерлердің айтуынша, ереже келушілерге алдын ала көрсетілсе, белгіленген талапты орындау міндетті.
Егер қонақ айыппұлды төлеуден бас тартса, оның әрекеті алаяқтық ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда 135 еуро көлемінде айыппұл салынуы ықтимал. Ал мейрамхана тұтынушыға талапты алдын ала ескертпеген болса, келуші дәмханаға шағымдануына болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін балаларға тегін балмұздақ таратқан ақтаулық кәсіпкерге айыппұл салынған болатын.
