Сурет: istockphoto.com
Әлемдік нарықта мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді. Лондондағы ICE Futures биржасында қараша айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстері 3,18 долларға (2,92%) арзандап, барреліне 105,57 доллар болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айына арналған WTI фьючерстері 3,6 долларға (3,4%) төмендеп, барреліне 102,23 долларға жетті. Сауда кезінде Brent 104,32 долларға, WTI 101,1 долларға дейін түсті.
Сарапшылардың пікірінше, бағаның құлдырауына Сауд Арабиясының Азиядағы тұтынушыларға Оман арқылы қосымша мұнай көлемін ұсынғаны туралы ақпарат әсер етті. Сонымен қатар, АҚШ-тағы мұнай қорының деректері де бағаға қысым көрсетті: өткен аптада елдегі қор шамамен 640 мың баррельге азайды.
Айта кетейік, 14 қыркүйекте мұнай бағасы күрт қымбаттап, 3% өсім көрсеткен болатын.
