Categories Ақорда

Тоқаев Трампқа хат жолдады: «Бұл америкалықтар үшін маңызды оқиға»

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы бұл күннің АҚШ халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, еркіндік пен демократия құндылықтарының аса зор рөл атқаратынын жеткізді.

«Мен екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын және халықтарымыздың игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенімді білдіремін», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа мемлекеттік қызметінде табыс тіледі.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Дональд Трамп та Тоқаевқа туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдаған болатын. Онда АҚШ Президенті Қазақстан мен Америка арасындағы ынтымақтастықтың тарихи маңызын атап өтіп, республика егемендігі мен тәуелсіздігін қолдайтынын жеткізген.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…

Премьер-министр шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банк, Chevron және Shell өкілдерімен кездесіп, бірлескен жобалар мен әріптестікті талқылады.