Сурет: Зылиха Қыдырбай, EQ
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиевке қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
12 қарашада ұсталған аталған тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҰҚК-нің редакцияға берген жауабында: «14 қарашада тергеу сотының санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – делінген.
Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің, сондай-ақ өзге де адамдардың ұсталғанын растады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жайтқа байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қызметінен босатты. Оның орнына Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. Мемлекет басшысы жаңа басшыға ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалауды тапсырып, бірқатар міндет жүктеді.
Мазмұнға өту
