Қаржы

Рүстем Төлеутаев: Қазақстан кардиохирургиясы әлемнің үздік 30 елі қатарына енді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан медицинасы соңғы жылдары қарқынды дамып, кардиохирургия саласында әлемнің үздік 30 мемлекетінің қатарына енді. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім соңғы бес жылда 35 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевпен сұхбатта еліміздегі кардиологиялық қызметтің ахуалы, халық денсаулығын нығайту жұмыстары және алдағы жоспарлар талқыланды.

Төлеутаевтың айтуынша, 2021-2025 жылдары жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 35,1 пайызға төмендеген. 2026 жылдың алғашқы бес айында қан айналымы жүйесі ауруларының тіркелуі 6,6 пайызға, артериялық гипертония 9,7 пайызға, жүректің ишемиялық ауруы 10,1 пайызға, инсульт 6,1 пайызға азайған.

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі қан айналымы жүйесі аурулары кезінде медициналық көмекті жетілдіруге арналған Жол картасын іске асыруда. Өңірлерде жаңа кардиологиялық бөлімшелер ашылып, облыстық ауруханалар жаңғыртылуда. Елімізде 1 308 кардиолог дәрігер жұмыс істейді, 659 жас дәрігер резидентурада білім алуда.

2025 жылы Қазақстанда 100-ші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды. Кардиологияда 80-нен астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетіледі, оның ішінде жүрек трансплантациясы, жүрек қақпақшаларын ауыстыру, күрделі аритмияларды емдеу, аз инвазиялық операциялар, TAVI технологиясы бар.

Институт жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен 8 мыңнан астам пациент қабылдап, 3,5 мыңнан астам жоғары технологиялық операция мен интервенциялық ем жүргізеді. Институт халықаралық JCI аккредиттеуінен өткен және Еуропалық гипертония қоғамының ресми Гипертонияны емдеу орталығы мәртебесіне ие.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында институт мамандары 19 өңірге барып, 240 дәрігердің біліктілігін арттырып, 277 телемедицина консультациясын өткізген.

Көп оқылғандар