Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанның солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.
Оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.
Күндіз ауа температурасы еліміздің солтүстігінде +17…+25°С, орталық және батыс өңірлерінде +20…+28°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+32°С-қа дейін көтеріледі.
