Сурет: ТСМ
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында гандболдан әйелдер бәсекесі басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан әйелдер құрамасы өз тобында өткен Азиаданың қола жүлдегері Қытаймен кездесіп, 24:34 есебімен жеңіліс тапты.
Отандастарымыз келесі ойынын ертең фавориттердің бірі саналатын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.
