Сурет: Report
Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жарылыстан 7 адам көз жұмды, 17 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, оқиға түнде Гуйлинь қаласының Синъань уезінде орын алған.
Құқық қорғау органдары жарылыстың нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, тұрмыстық газдың жарылуы туралы нұсқа жоққа шығарылды.
Оқиғаға қатысты қосымша ақпарат әлі нақтылануда.

