Сурет: ашық дереккөз
Конгода Эбола індеті күшейіп, әсіресе Бутембо қаласында ахуал ауырлап тұр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы 20 күнде 550-ден астам адам вирусты жұқтырған. Ауруханалар науқастарға толы, жаңадан келгендерді қабылдауға орын жетпейді. Сондықтан уақытша қабылдау пункттері ашылып отыр.
Бутембода 2 миллион адам тұрады. Халықаралық ұйымдардың дәрігерлері індеттің жылдам таралуына алаңдаулы. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ауру елдің жеті провинциясында өршіп тұр.
Жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады. 3 мың 700 адамның қаза тапқаны туралы деректер бар.
Al Jazeera телеарнасының мәлімдеуінше, елдің шығысында індет кең таралып, жағдайды қиындатып отыр. Мұнда қарулы қақтығыстар жалғасып, мигранттар саны өскен. Медицина қызметкерлері ереуілге шығып, соның салдарынан ауру жұқтырғандар саны артып келеді.
Еске салайық, 15 мамырда Итури провинциясында 65 адамның өлімінен кейін елде Эбола індетіне байланысты эпидемия жарияланған болатын. Ал 17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) осы індетке қатысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялады.
