Жайық news

БҚО теннисшісі халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды

Сурет: Жайық Пресс

Оралдық теннисші Алуа Марат Алматыда өткен Roland-Garros Junior Series халықаралық турнирінде күміс жүлдеге ие болып, Жапониядағы финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жас спортшы Алматы корттарында сенімді өнер көрсетіп, мықты қарсыластарын жеңіп, шешуші кезеңге жетті. Финалда Алуа қыздар арасындағы жеке сында күміс жүлдегер атанды.

Теннисшіні алда Жапониядағы Roland-Garros Junior Series финалдық кезеңі күтіп тұр.

Көп оқылғандар