Categories Ақорда

Қырғызстанда үшінші ірі қалаға Манас атауы берілді

 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жалал-Абад қаласының атын өзгерту туралы заңға қол қойды. Бұдан былай халық саны бойынша елдегі үшінші ірі қала Манас деп аталатын болды.

10 қыркүйекте Жогорку Кенеш мақұлдаған бұл шешімнің негізгі мақсаты – ұлттық идеологияны нығайтып, халық қаһарманы Манастың есімін ұрпақ жадында сақтау.

Қаланы қайта атауға шамамен 15 млн сом (шамамен 90 млн теңге) жұмсалмақ. Қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Айта кетейік, бұрынғы Жалал-Абадта бүгінде 186 мыңнан астам тұрғын тұрады.

 

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…