Қаржы

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібі қатаңдауы мүмкін

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібі қатаңдауы мүмкін,-деп жазады Zhaiyqmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдер ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қазір қоғамдық талқылауға шығарылды.

Ұсынылған түзетулерге сәйкес:

  • Егер азаматтың Қазақстанда тұрақты тұратыны дәлелденбесе, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері уақытша тоқтатылады. Қазірдің өзінде 100 мыңнан астам алушының тіркеуі жоқ екені анықталған.
  • Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында немесе қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тұратын азаматтарға да төлемді шектеу ұсынылады. Министрлік мұны «олар толықтай мемлекеттің қамтамасыздығында» деген уәжбен түсіндіреді.

Құжат бойынша қоғамдық талқылау 24 қыркүйекке дейін жалғасады.

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *