Сурет: Kazinform/ЖИ
Қазақстанда көлік сақтандыру полисінің бағасы 4 100 теңгеден 90 000 теңгеге дейін ауытқиды. Бұл көрсеткіш өңірге және жүргізуші санатына байланысты өзгереді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Екі жылдық тәжірибесі бар үшінші санаттағы жүргізушілер үшін баға айырмашылығы айтарлықтай. Ең қымбат полис Қызылордада тіркелді — 90 000 теңге. Астанада бұл көрсеткіш 70 000 теңге, Қостанайда 60 000 теңге, ал Қарағанды, Жезқазған және Қонаевта 50 000 теңгені құрайды.
Алматыда үшінші санаттағы жүргізуші 48 000 теңге төлейді. Петропавл мен Түркістанда — 45 000 теңге, Таразда 43 000 теңге, Шымкентте 42 000 теңге, Талдықорғанда 40 000 теңге.
Басқа қалаларда баға неғұрлым төмен. Семейде 35 000 теңге, Өскеменде 32 000 теңге, Павлодарда 30 000 теңге, Көкшетауда 27 000 теңге, Ақтөбеде 25 000 теңге, Ақтауда 18 000 теңге, Оралда 15 000 теңге. Ең арзан полис Атырауда — 10 900 теңге.
15–20 жылдық тәжірибесі бар және жол ережесін сақтайтын 13-санатты жүргізушілер үшін баға төмендеу. Қызылордада мұндай жүргізуші 30 500 теңге төлейді, ал Астана мен Оралда — 30 000 теңге.
Талдықорғанда 13-санаттағы полис 20 000 теңге тұрады. Алматы, Ақтау, Түркістан және Қонаевта — 18 000 теңге, Көкшетау, Өскемен және Семейде 17 000 теңге. Шымкентте 16 500 теңге, Таразда 16 000 теңге, Қостанайда 15 000 теңге, Павлодарда 14 000 теңге.
Ақтөбе мен Жезқазғанда 13-санат үшін сақтандыру құны 13 000 теңге, Қарағандыда 11 000 теңге. Ең төмен баға Атырауда тіркеліп, 4 100 теңгені құрайды.
Осылайша, үшінші санаттағы жүргізушілер үшін ең қымбат және ең арзан полис арасындағы айырма 79 100 теңге. Ал 13-санаттағы жүргізушілер үшін бұл көрсеткіш 26 400 теңгеге тең.
