Сурет: Aikyn.kz
Енді Қазақстанда дипломсыз да жұмысқа тұруға болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің айтуынша, жаңа тәртіп дипломның маңызын төмендетпейді. Керісінше, азаматтардың кәсіби дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.
Біз білім құжаты емес, нақты білім мен тәжірибеге сүйенеміз. Бұл жүйе еңбек нарығындағы теңсіздікті азайтады, – деді Ербол Тұяқбаев.
Жаңа жүйе бойынша, жұмыс берушілер кандидаттардың біліктілігін арнайы тестілеу арқылы анықтай алады. Бұл әсіресе жоғары білімі жоқ, бірақ тәжірибесі мол мамандарға тиімді болмақ.
Алғашқы кезеңде бұл тәртіп IT, қызмет көрсету және өндіріс салаларында енгізіледі. Кейіннен басқа салаларға да таратылады деп жоспарлануда.

