Сурет: ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Ұлттар лигасындағы тұңғыш ойынын Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең аяқтады. Екі команда да турнирдегі алғашқы ұпайын осылайша еншіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтар Ұлттар лигасының бірінші турын сырт алаңда өткізді. Кездесу жеңімпазды анықтамай, командалар бір-бір ұпайдан бөлісті.
Ойынның 14-ші минутында алаң иелері есеп ашты — Очи Самуэльсен көзге түсті. 26-шы минутта Қазақстан сапынан Темірлан Ерланов есепті теңестірді.
Матч барысында екі жақ та шабуыл ұйымдастырып, таблоны өзгертуге ұмтылғанымен, қорытынды есеп 1:1 болып қалды.
Қазақстан құрамасының турнирдегі келесі ойыны 29 қыркүйекте Словакияға қарсы өтеді.
