Қаржы

Қазақстанда алты айда 63,4 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бірінші жартыжылдықта еліміздің электр энергетикасы саласында, оның ішінде жаңартылатын көздер есебінен генерацияның өсуі тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, 6 айдың қорытындысы бойынша 63,4 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,9% құрайды. Осы жылға арналған болжам – 126,5 млрд кВтсағ.

Электр энергиясының тапшылығын азайту үшін биыл шамамен 2,66 ГВт энергетикалық қуаттарды іске қосу жоспарлануда. Бұл Алматы қаласындағы екінші және үшінші жылу электр орталығының жаңғыртылуы, Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының құрылысы, Атырау жылу электр орталығында №11 турбиналық агрегатын және №15 қазандығын іске қосу, Текелі энергокешенінде 3 қазан-пайдалану қазандығын және генератормен бу турбинасын енгізу, сондай-ақ жиынтық қуаты 245,8 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің нысандарын қамтиды.

Қызылорда облысында газ турбиналы қондырғы (240 МВт) және ЖЭК саласындағы 7 жоба (212,6 МВт) пайдалануға берілген. Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі 21,2%-ға өсіп, 5,1 млрд кВтсағ құрады.

Көп оқылғандар