Сурет: stat.gov.kz
Биылғы жылдың басынан тамызға дейін елде 441,3 мың тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға артық, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өндіріс көлемі бойынша көш бастаған Солтүстік Қазақстан облысы – 120,8 мың тонна. Одан кейін Ақмола (96,2 мың тонна), Алматы (64,7 мың тонна) және Қостанай (43,0 мың тонна) облыстары тұр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша өңделген сүт өндірісі 671,0 мың тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға өсті.
Биыл қаңтар-шілдеде өңделген сүт экспорты 2,9 мың тонна болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0%-ға жоғары (2,8 мың тонна). Негізгі экспорттық бағыттар: Ресей (2,24 мың тонна), Өзбекстан (307,9 тонна) және Тәжікстан (194,0 тонна).
Айта кетейік, қыркүйектің екінші онкүндігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесі екі есеге жуық артқаны хабарланған болатын.
