Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде екі елдің мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастығын кеңейту жолдары қарастырылды. Бірлескен жобаларды іске асыру, көрмелер мен театр гастрольдерін ұйымдастыру, кәсіби тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Арман Қырықбаев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстардың жүйелі нығайып келе жатқанын атап өтті.
Музей ісі мен кинематография саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бірлесіп фильм түсіру, француз фильмдерін қазақ тіліне және қазақстандық фильмдерді француз тіліне дубляждау мәселелері сөз болды.
Франция елшісі Қазақстанның Мәдени мұраны қорғау жөніндегі халықаралық альянсқа (ALIPH) қосылуға мүдделі екенін жеткізді. Арман Қырықбаев мәдени мұраны сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Министрдің айтуынша, ұйымның көпжақты мәдени ынтымақтастықтағы елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстанның оған қатысу мүмкіндігіне айрықша назар аударып, бұл мәселені жан-жақты зерделеу қажет.
Кездесу қорытындысында тараптар мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға және екіжақты әріптестікті дамытуға дайын екенін білдірді.
Мазмұнға өту
