Шартарап

Мексикада Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Сурет: dimashnews.com

Мексиканың Монтеррей қаласында әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесі түсірілген мурал жасалды. Оны жергілікті Dimash&DearsRegiasMty фан-клубы ұйымдастырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Муралдың авторы – мексикалық суретші Antonio Art Mural. Туынды Francisco Javier Mina көшесіндегі 1 140-үйдің қабырғасында орналасқан. Жанкүйерлер бұл арт-нысан арқылы Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени байланысты көрсетуді көздеген.

Мурал Димаштың Монтеррейдегі концертіне орай әзірленген. Әнші 14 қарашада DIMENSIONS әлемдік туры аясында қалада өнер көрсетеді.

Бұған дейін Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялаған. Сондай-ақ шілде айында әншінің жаңа әні Жапония радиосының эфирінде шырқалды.

Көп оқылғандар