Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында прокуратураның бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды тазарту жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіре отырып, аудан орталығын 30 жылдан астам уақыт жиналған қоқыстан тазартуды ұйымдастырды.
Бұл бастаманы кәсіпкерлер, кәсіпорындар және ауыл тұрғындары белсенді қолдады. Екі күннің ішінде арнайы полигонға 1 100 тонна қоқыс пен қалдық шығарылды.
Бұл — тек аумақты қоқыстан тазарту ғана емес, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам.
Мазмұнға өту
