Қаржы

Доллар 12 қарашада 443,62 теңгеге арзандады

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) 12 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 443,62 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде АҚШ валютасы 1,2 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдегі ақша айырбастау орындарында шетел валюталары орта есеппен мынадай бағамен сатылып жатыр: долларды 443–444 теңгеден сатып алып, 444–446 теңгеден сатады; еуроны 490–492 теңгеден сатып алып, 496–497 теңгеден сатады; рубльді 5,11–5,17 теңгеден сатып алып, 5,23–5,25 теңгеден сатады.

Айта кетейік, 10 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,52 теңге болған еді.

Көп оқылғандар